- Барлық ақпарат
Хуаншань қаласы Шэ ауданының жаңбырдан кейінгі көркем көрінісі
24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Хуаншань қаласы Шэ ауданындағы Синьань өзенінің ландшафт галереясы жаңбырдан кейін құлпырып, тамаша көрініс қалыптастырды. Су бетіне шөккен тұман түткен жүндей созылса, жағалаудағы жасыл таулар мен ежелгі Хуэйчжоу стиліндегі ауылдар бұлтқа оранды. Бұл көрініс бейне қолмен сызған суреттей көркем келбетке еніп, оңтүстік Аньхойдың сұлу табиғатын жұртқа паш етті.
Синьань өзенінің ландшафт галереясы — Шэ ауданында орналасқан ұлттық AAAA дәрежелі туристік орын. Шамамен 50 шақырымға созылып жатқан саяхат орны Хуаншань, ежелгі Хуэйчжоу қаласы мен Цяньдао көлін байланыстыратын алтын туристік бағыт бойындағы негізгі жер. Көрікті аймақ әртүрлі экологиялық ландшафттарды бай Хуэйчжоу мәдени мұрасымен сабақтастырады. Жылдың төрт мезгілінде өзіндік ерекшелігі бар көріністерімен бұл ара Аньхой мен Чжэцзян өлкесінің шекарасындағы экологиялық-мәдени туризмнің танымал бағыт.







people.cn © People's Daily Online



