Достоевскийге қатысты түпнұсқа артефактілер Қытайға алғаш рет келді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 маусым

25 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхайда «Достоевский әлемі: Оқуды тоқтату — ойлауды тоқтату» атты көрме ашылды. Онда Достоевский әдеби-мемориалдық мұражайы мен Ресей Ғылым академиясының Орыс әдебиеті институтының (Пушкин үйі) әдеби мұражайының коллекцияларынан алынған 157 бағалы нақты артефактілер мен сандық экспонаттардың кең ауқымы көрсетілді.

Көрмеде Достоевский шығармаларының алғашқы басылымдары мен оның көзі тірісіндегі басылымдары, қолжазба факсимилелері, мұрағат материалдары, автордың портреттері, сондай-ақ танымал суретшілердің оның шығармаларына арнап салған картиналары мен иллюстрациялары бар. Олардың ішінде Достоевскийдің жеке заттары ерекше сирек кездеседі және құнды.

Федор Михайлович Достоевский 19 ғасырдағы орыс әдебиетінің ең көрнекті тұлғаларының бірі. 1920 жылдардың өзінде бұл әдеби алыптың шығармалары Қытайда танылып, оқырман қауымға жол тартқан болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото