Қазақстанның этнографиялық мәдени көрмесі Шанхайда ашылды (13)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 шілде
Қазақстанның этнографиялық мәдени көрмесі Шанхайда ашылды

3 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шанхай қалалық тарих музейі мен Қазақстанның Алматы музейлер қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанның этнографиялық мәдени көрмесі Шанхайда өтті, жүзден астам экспонат көрермендерді Қазақстанның ежелгі тарихы мен этнографиясымен таныстырды.

Әлемдегі ең ірі құрлық мемлекеті ретінде Қазақстан - ежелгі Жібек жолындағы маңызды торап. Бұл көрме Қазақстанның қола дәуірінен бүгінге дейінгі мәдени дамуын жүйелі түрде көрсетіп, көшпелі халықтардың тарих ағымында жинақтаған тіршілік даналығы, қолөнер эстетикасы және рухани әлемін паш етеді. Көрме 30 тамызға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Шанхай мен Алматы 2025 жылы бауырлас қала қатынасын орнатқан болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото