Жапонияның Қытайға басып кіру кезіндегі химиялық соғыс қылмыстарына тағы бір темірдей дәлел қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 шілде
Жапонияның Қытайға басып кіру кезіндегі химиялық соғыс қылмыстарына тағы бір темірдей дәлел қосылды
Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 5 шілдеде Қытайға басып кірген жапон әскерінің 731-бөлімінің қылмыс куәліктерін сақтайтын мұражай Қытайға басып кірген жапон әскерінің 516-әскери бөлімінің (Гуаньдун армиясы химиялық бөлімі) «Жеке мәлімдеме қағазы» мұрағатын алғаш рет жария етті. 148 беттен тұратын және 108 мүшені қамтитын бұл мұрағат жапон әскерінің химиялық соғыс қылмыстарын әшкерелейтін жаңа темірдей дәлелге айналды.

Мұрағатта мүшелердің әскер түрі мен өмірбаяны егжей-тегжейлі жазылған, қазірге дейін белгілі болған 516-бөлімінің жалпы саны 505 адамды құрайды. Зерттеуші Цзинь Шичэн мұрағаттың жапон әскерінің биологиялық-химиялық бөлімдері арасындағы бірлескен қылмыс тізбегін ашқанын көрсетті. Мысалы, мұрағатта мүшелердің улы газға байланысты жұмыс істегені және 516-бөлім мен 100-бөлім арасында ауыспалы оқыту болғаны нақты жазылған. Бұл кадрлық тұрғыдан жапон әскерінің «адам - хайуанат - қоршаған ортаны» қамтитын біртұтас биологиялық-химиялық соғыс желісін құрғанын дәлелдейді.

Мұрағат 1945 жылы 8-айда Жапония бас игеннен кейін, осы бөлімнің соғыс жеңілісіне ұшырап, демобилизацияланған мүшелерінің ішінде Қытайда қалғандары 55 адам, Кеңес әскері ұстап, Кеңес Одағына жіберілгендері 49 адам болғанын көрсетеді.

Сала мамандары бұл мұрағат мынаны анық дәлелдейтінін атап өтті: 516-бөлім мен Жапония құрлық әскерінің ғылыми-зерттеу мекемелері жиі байланыста болған, Қытайға басып кірген жапон әскерінің химиялық соғысы зерттеу мен даярлауды біріктірген, жоғарыдан төменге дейін ұйымдастырылған мемлекеттік қылмыс.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото