- Барлық ақпарат
Хубэй өлкесі Хуанган қаласында сирек кездесетін құйын соғып, ер адам 12-інші қабаттың терезесінен ұшып кетті (7)
8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Хубэйдің шығысындағы бірнеше аймақта қатты конвективті ауа райы орын алып, Хуанган мен Эчжоуда құйын дауыл тіркелді. 6 шілде күні кешке Хубэйдің Хуанган қаласындағы үйдің терезесін сұрапыл боран сындырып, іштегі ер адам қатты екпінмен бөлмеден ұшып шығып, 12-інші қабаттан құлаған. Қонақ бөлмесіндегі жиһаздарды да жел ұшырған. Туыстары ер адамды тұрғын үй кешенінің жасыл желегі арасынан тауып алды. Қазіргі уақытта ол жергілікті аурухананың жансақтау бөлімінде емделуде.
Хуанган қалалық аймағында жоғалған адамдарды іздеу және бүлінген жолдарды тазарту үшін 3000-нан астам құтқару қызметі жұмылдырылды.
Апат салдарынан Хуанган қаласында 4 адам қаза тауып, 1 адам із-түзсіз жоғалып кетіп, 5975 адам зардап шекті. Ал экономикалық шығындар шамамен 450 миллион юаньға жетті.
people.cn © People's Daily Online




