Биыл Шыңжаңның Қорғас портынан 5000-нан астам Қытай-Еуропа және Қытай-Орталық Азия жүк пойыздары өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 шілде

10 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 8 шілде күні түстен кейін техника, автобөлшектер және ауа баптағыштар тиелген Қытай-Еуропа пойызы Қорғас теміржол портынан шығып, Грузияның Поти қаласына бет алды. Қорғас теміржол портынан өтетін Қытай-Еуропа және Қытай-Орталық Азия жүк пойыздарының саны биыл 5000-нан асты. Күнделікті жүретін пойыздар саны 27. Орташа есеппен 2 сағат сайын кері қайтатын пойыздың біреуі ауыстырылып, тиеліп үлгереді.

Бүгінгі күнге дейін Қорғас теміржол портынан өтетін Қытай-Еуропа және Қытай-Орталық Азия жүк пойыздарының жалпы саны 58 000-нан асты. Бағыттың жалпы саны 91-ге жетті. Қызмет көрсету желісі 18 елге, 46 қала мен аймаққа дейін кеңейтілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото