Қорғаста Қытай-Қазақстан автомобиль саудасының кешенді қызмет көрсету платформасы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 шілде

13 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 9 шілде күні Қытай-Қазақстан автомобиль саудасының кешенді қызмет көрсету платформасы Қытай-Қазақстан Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ресми түрде құрылды. Қытай мен Қазақстанның үкіметтері мен кәсіпорындары бірлесіп құрған бұл платформа Қытайды Орталық Азия, Ресей және Еуропа нарықтарымен байланыстыратын жаңа сауда хабы ретінде қызмет етуге бағытталған.

Қорғас – Қытайдың автомобиль экспорты үшін ең ірі құрлық порты. Сандық технологияларды пайдалана отырып, жаңа платформа автомобиль компанияларына тапсырыстарды сәйкестендіру, кедендік декларациялау, шекарааралық логистика және төлемдерді есепке алуды қоса алғанда, «бір терезе» толық тізбекті қызметтерді ұсынады. Ол алдын ала декларациялауға және көлік экспортын ақылды, жылдам тексеруге мүмкіндік беріп, кедендік рәсімдеу уақытын айтарлықтай қысқартады және логистикалық шығындарды азайтады. Бұл аймақтың жадағай «транзиттік дәлізден» кешенді сауда базасына айналуына тиімді түрде ықпал етеді.

Ондаған кәсіпорын платформаға қосылуға қызығушылық танытты. Қазақстан өкілдері платформаның құрылуы Қытай-Қазақстан шекарасында жүктерді өткізу тиімділігін айтарлықтай арттыратынын, қытайлық автоөндірушілердің Еуразия нарықтарына кеңеюі үшін тиімді арна жасайтынын және екіжақты экономикалық және сауда ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге көмектесетінін мәлімдеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото