Еліміз жаңа материалдар саласында жетістіктерге жетуді жалғастыруда

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 шілде

13 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жыл басынан бері еліміздің жаңа материалдар өнеркәсібі негізгі салаларда бірқатар тың жетістіктерге қол жеткізді. Жоғары деңгейлі өндіріс және жасанды интеллект сияқты маңызды салаларға пайда әкеле отырып, бұл сала «жаңа сапалы өндіргіш күштерді» дамытудың маңызды қозғаушы күшіне айналды. Бүгінгі таңда нарыққа 55 миллиард юаньнан астам құны бар жаңа материалдық өнімдер шығарылды және ел әлемдегі ең ірі және ең кешенді материалдық өнеркәсіп жүйесін құрды. Саланың жалпы өнім құны шамамен 10 триллион юаньға жетті, 100-ден астам материал түрлерінің өндіріс көлемі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің қатарына кіреді.

Жаңа ақылды материалдар саласында жаңадан жасалған жеңіл, жұқа материал ерекше өнімділік көрсетті. Сынақтар көрсеткендей, электрлендірілген кезде материалдың адгезиялық күші дәстүрлі материалдармен салыстырғанда 400 еседен астам артады, бұл оған 5 килограммдық гантельді тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.

Шаньдун өлкесінің Цзинань қаласында электронды сапалы шайыр материалының жаңа буыны жаппай өндіріске сәтті енді. Бұл материал жасанды интеллект серверлерінде деректерді беру тиімділігін айтарлықтай арттырып қана қоймай, сонымен қатар энергия тұтынуды 40%-ға азайтады.

Цзянсу өлкесінің Ляньюньган қаласында жақында әлемдік деңгейдегі үш жоғары өнімді көміртекті талшық өндірісі желісі іске қосылды. Олардың өнімдері теңіздегі жел энергетикасы жабдықтары, жаңа энергия көліктері және жасанды интеллект роботтары сияқты салаларда кеңінен қолданылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото