«Си Цзиньпин Ел басқару жөнінде» кітабының бесінші томының үгіт-насихат жиналысы Қырғызстанның Бішкек қаласында өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 шілде

14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Си Цзиньпин Ел басқару жөнінде» кітабының бесінші томының үгіт-насихат жиналысы Қырғызстанның Бішкек қаласында өтті. Қытай мен Қырғызстанның үкімет-партияларының, бұқаралық ақпарат құралдарының, сараптамалық орталықтардың және басқа да салаларының 300-ге жуық өкілі өркениеттердің өзара үйренуі, даму мен өркендеуге ықпал ету, «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада құру және тағдыры ортақ адамзат қауымдастығы сияқты мәселелер бойынша пікір алмасулар мен талқы өткізді.

Қатысушылар «Си Цзиньпин Ел басқару жөнінде» кітабының бесінші томында дамудың жаңа кезеңіндегі Қытай стиліндегі модернизацияның теориясы мен практикасы жүйелі түрде түсіндіріліп, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығы туралы Қытайдың көзқарасы мен алға жылжу жоспары айқын көрсетілген деп есептеді. Бұл Қытай стиліндегі модернизация мен қазіргі Қытайды түсіну бойынша беделді еңбек қана емес, сонымен қатар Қытай мен Қырғызстан үшін ел басқаруда тәжірибе алмасуды тереңдету және даму стратегияларының үйлесімділігін нығайту үшін маңызды негіз.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото