2026 жылғы Қытай-Орталық Азия тау-кен жабдықтарын сатып алу жөніндегі үйлестіру жиналысы қыркүйекте Астанада өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 шілде

14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай—Орталық Азия саммитінің «жасыл» тау-кен саласындағы ынтымақтастық туралы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2026 жылғы Қытай-Орталық Азия тау-кен технологиясы мен жабдықтарын сатып алу жөніндегі үйлестіру жиналысы 9-12 қыркүйек аралығында Қазақстанның Астана қаласында өтеді. Бұл іс-шара Қытай мен Қазақстанның тиісті ұйымдарының бірлесуімен өткізіледі. Шараның мақсаты - шекарааралық ұсыныс пен сұранысты нақты байланыстыратын алаң құру.

Орталық Азия аймағында мыс, уран сияқты стратегиялық пайдалы қазбалардың мол қоры болғанымен, жабдықтардың 75%-дан астамы импортқа тәуелді. Қытайдың интеллектуалды өндіру, электрлік кен тасымалдауыштары және «жасыл» кеніштер саласындағы кешенді жабдықтары айтарлықтай артықшылыққа ие. Екі тараптың өнеркәсіптік тізбектері үнемі жоғары деңгейде өзара толықтырылады.

Кездесуге арнайы шақыру бойынша Қытайдың 30 ірі кәсіпорны мен Орталық Азияның 150-ден астам тау-кен кәсіпорны және мемлекеттік орган өкілдері қатысып, кездесулер мен кеніштерге арналған жергілікті сапарлар ұйымдастырылады. Іс-шара қытайлық кәсіпорындардың «таза өнім экспортынан» «технология, стандарт, пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша интеграцияланған ынтымақтастыққа» көшуіне ықпал етеді. Сол сияқты Орталық Азияның тау-кен саласының интеллектуалды және төменкөміртекті жаңаруына серпін бермек.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото