Хайнань 2030 жылға қарай дәстүрлі отынмен жүретін көліктерді сатуға толық тыйым салады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 шілде

14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Хайнань өлкесі жаңа жоспар жариялап, 2030 жылға қарай дәстүрлі отынмен жүретін көліктерді сатуға біртіндеп толық тыйым салуды көздейтінін мәлімдеді. Осылайша Хайнань Қытайда отынды көліктерді сатуға тыйым салудың нақты кестесін бекіткен алғашқы өлке атанды.

Жоспар бойынша, 2030 жылға қарай Хайнаньда арнайы мақсаттағы көліктерді қоспағанда, қоғамдық қызмет көрсету, қоғамдық көлік және жеке пайдалануға жаңадан қосылатын немесе ауыстырылатын көліктер бойынша 100% жаңа энергиялы немесе таза энергиялы көліктер болады. Сол кезде өлкедегі жаңа энергиялы көліктердің үлесі қазіргі шамамен 24%-дан 45%-ға дейін өседі деп күтіліп отыр.

Осы өзгеріске сәйкес, Хайнань зарядтау және батерия ауыстыру инфрақұрылымының жоғары тығыздығына кепілдік етеді (көлік пен зарядтау құрылғысының арақатынасы 2,5:1-ден төмен болуы тиіс), сондай-ақ ауыр жүк көліктері, суық тізбекті тасымал және т.б. салаларда сутегі отынды аккумуляторлы көліктерді сынақтық қолдануды жүзеге асырады.

Бұдан басқа, Хайнань жаңа энергиялы көлік өнеркәсібінің көлемін одан әрі ұлғайтуды, интеллектуалды өндіріс, интеллектуалды жүргізу және батареяларды қайта өңдеуді қамтитын толық өнеркәсіптік экологиялық циклды қалыптастыруды жоспарлап отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото