- Барлық ақпарат
Қытай тұрғындарының жан басына шаққандағы қолжетімді табысы нақты 4,2%-ға өсті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 шілде

15 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылдың бірінші жартысында ел тұрғындарының жан басына шаққандағы қолжетімді табысы 22 981 юаньды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда номиналды өсім 5,2%-ды, ал баға факторларын шығарғаннан кейін нақты өсім 4,2%-ды құрады. Аймақ бойынша қала тұрғындарының жан басына шаққандағы қолжетімді табысы 30 126 юань болып, номиналды өсім 4,4%-ға, баға факторларын шығарып тастағаннан кейін 3,4%-ға өсті. Ал ауыл тұрғындарының табысы 12 699 юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда номиналды өсім 6,4%-ға, баға факторларын шығарып тастағаннан кейін нақты өсім 5,5%-ға көтерілді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



