Қытайдың инновациялық дәрі-дәрмектерін шетелге лицензиялау көлемі жылдың бірінші жартысында шамамен 110 миллиард доллар болды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 шілде

15 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Мемлекеттік дәрі-дәрмек бақылау басқармасынан алынған мәліметке сәйкес, биыл қаңтар-маусым айларында Қытайдың инновациялық дәрі-дәрмектерін шетелге лицензиялау мәмілелерінің жалпы сомасы шамамен 110 миллиард АҚШ долларын құрап, жаңа рекорд орнатты.

Соңғы статистикаға сәйкес, 30 маусымға дейін Қытайдың инновациялық дәрі-дәрмектерін шетелге лицензиялау бойынша барлығы 81 мәміле жасалып, жалпы сомасы шамамен 110 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл 2025 жылғы шетелге лицензиялау мәмілелерінің жалпы сомасының 80%-ын құрайды.

Статистика көрсеткендей, осы жылдың бірінші жартысында Қытайдың шетелге лицензиялаған инновациялық дәрі-дәрмектері қатерлі ісік, зат алмасу, иммунитет және жүйке жүйесі сияқты 10 емдеу саласын қамтыды, негізгі лицензиат компаниялар АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және тағы басқа 20 ел мен аймаққа тән.

Мемлекеттік дәрі-дәрмек бақылау басқармасының дәрі-дәрмек тіркеу департаменті директорының орынбасары Лань Гунтао Қытайда зерттеліп жатқан жаңа дәрі-дәрмектердің саны әлемдік көлемнің шамамен 30%-ын құрап, әлем бойынша екінші орында тұрғанын айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото