- Барлық ақпарат
Астанада «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының 5-інші томын Қазақстанда таныстыру іс-шарасы өтті

16 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 15 шілде күні Қазақстан елордасы Астанада «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының 5-інші томын Қазақстанда таныстыру іс-шарасы өтті. Жиынға Қытай мен Қазақстаннан келген қонақтар, сондай-ақ баспа, БАҚ, эксперттік-аналитикалық орталықтар, университет және кәсіпорындардың өкілдерін қоса алғанда, 200-ден астам адам қатысып, тағдыры ортақ Қытай-Қазақстан қауымдастығы және «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құру сияқты тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Қатысушылар «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының 5-інші томы Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі Қытай үлгісіндегі социализм туралы ойының соңғы жетістіктерін жан-жақты және жүйелі түрде көрсететінін, халықаралық қауымдастықтың Қытай стиліндегі модернизация мен қазіргі заманғы Қытайды түсіну үшін сенімді оқу материалы болатынын атап өтті. Модернизация жолындағы серіктестер ретінде Қытай мен Қазақстанның Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпиннің маңызды еңбектері негізінде ел басқару жөніндегі тәжірибесі бойынша терең алмасулар жүргізіп, тағдыры ортақ Қытай-Қазақстан қауымдастығын құруды ілгерілетуі үшін үлкен маңызға ие.
Фото: Синьхуа





people.cn © People's Daily Online



