Еліміздегі алғашқы толық тізбекті жасыл көміртекті этилен кәсіпорны Корлада пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 шілде

16 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылдың 16 шілдесінде China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясы Dushanzi Petrochemical бөлімшесінің Тарымдағы жылына 1,2 млн тонналық екінші кезекті этилен және оған ілеспе жасыл көміртекті үлгілік кәсіпорын бір реттік шикізатты сынақтан сәтті өткізіп, толықтай өндірістік кезеңге кірісті.

Бұл кәсіпорын Корладағы Шанку жоғары технологиялық индустриялық даму аймағында орналасқан. CNPC компаниясының жасыл көміртекті трансформациясын ілгерілететін тірек кәсіпорын әрі еліміздегі жасыл көміртекті даму тұжырымдамасын толық тізбек бойынша жүзеге асыратын алғашқы үлгілік кәсіпорын ретінде, бұл жоба «күн энергиясы + химия» жасыл айналмалы экожүйесін құрып, жасыл электр қуатының тікелей қосылуын іске асырды; елімізде алғаш рет өте төмен концентрациялы көмірқышқыл газын жинау технологиясын қолданып, бұрын атмосфераға шығарылатын төмен концентрациялы крекинг пешінің түтін газындағы көмірқышқыл газын динамикалық түрде ұстап, «жасыл электрді тікелей қосу + көміртекті ұстау + көк сутегі + көк аммиак + жасыл тыңайтқыш» толық тізбекті төмен көміртекті технологиялық тұйық жүйе құрып, көмірқышқыл газы мен қосымша сутегінің толық қайта өңделуі мен пайдаланылуына қол жеткізеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото