29 ел Дүниежүзілік жасанды интеллект ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 шілде

17 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 16 шілде күні 29 елдің өкілдері Шанхайда Дүниежүзілік жасанды интеллект ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес, Дүниежүзілік жасанды интеллект ынтымақтастық ұйымының штаб-пәтері Қытайдың Шанхай қаласында орналасып, ұйым тәуелсіз халықаралық үкіметаралық орган болады.

ҚКП Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И келісімге Қытай үкіметі атынан қол қойды.

Құжатқа Қазақстан, Лаос, Пәкістан, Ресей және Индонезияны қоса алғанда, 29 елдің өкілдері қол қойып, негізін қалаушы мүше мәртебесіне ие болды. Рәсімге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сынды әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Келісімге сәйкес, Дүниежүзілік жасанды интеллект ынтымақтастық ұйымы БҰҰ Жарғысының мақсаттарын ұстанады және бірге ақылдасу, бірге құру және ортақ пайдалану қағидаттарын, сондай-ақ адамды негіз еткен ұстанымды негізге алады.

Ұйымның қызметі жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен жаһандық басқаруды дамытуға, жасанды интеллекттің бүкіл адамзаттың бақыты үшін пайдалы, қауіпсіз және әділ түрде салауатты, ретті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото