- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин: Қытай дамушы елдерге жасанды интеллект бойынша арнайы дайындық пен оқыту үшін 5000 орын береді

17 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алдағы бес жылда Қытай дамушы елдерге жасанды интеллект бойынша арнайы дайындық пен оқыту үшін 5000 орын беретінін мәлімдеді.
Си Цзиньпин жоғарыда аталған мәлімдемені Шанхайда өткен 2026 жылғы Дүниежүзілік Жасанды интеллект конференциясы және жасанды интеллектті жаһандық басқару жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияның ашылу салтанатында бағдарламалық сөз сөйлеген кезде жасады.
Си Цзиньпин мынаны атап өтті, Қытай Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН), Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ), Африка одағы (АО), Латын Америкасы және Кариб бассейні мемлекеттері қауымдастығы (ЛАҚ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және БРИКС елдеріне арналған халықаралық жасанды интеллект қолданбалы ынтымақтастық орталықтарын құратын болады. Сонымен қатар «Мазу» ауа райы болжамының ақылды ерте ескерту жүйесін 30 елге енгізуді жүзеге асырады.
people.cn © People's Daily Online



