Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездескенде қытай тілінде амандасты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 шілде

17 шілде, онлайн «Халық Газеті» --16 шілдеде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездесті. Сөз басында Президент Қ.Тоқаев қытай тілінде алғыс білдіріп, құттықтауын жеткізді.

Қ.Тоқаев қытай тілінде былай деді: «Құрметті Төраға Си Цзиньпин, өзіңізбен «Шығыс Інжуі» деген атқа ие Шанхай қаласында қайта кездескеніме өте қуаныштымын. Мені және менің делегациямды инновациялар мен өміршеңдікке толы осы көрікті халықаралық мегаполисте жылы қабылдағаныңыз үшін рахмет. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сізді және Қытай Коммунистік Партиясының барлық мүшелерін Қытай Коммунистік Партиясының құрылғанына 105 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото