- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин жасанды интеллектті дамыту мен басқарудың төрт жолын ұсынды

17 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бүгін 2026 жылғы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы және жаһандық жасанды интеллектті басқару жөніндегі жоғары деңгейлі кездесуінің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жасанды интеллектті дамыту мен басқарудың төрт жолын көрсетті.
Біріншіден, инновациялық дамуды ынталандыру үшін ашықтық пен тең ұтысқа жетуге табанды болу. Ашық бастапқы код ашықтығын, ынтымақтастықты және бірге бөлісуді ынталандыру үшін осы сирек кездесетін, тарихи мүмкіндікті пайдалану. Жасанды интеллект технологиялық инновацияларын, өнеркәсіптік дамуды және қолдану ортасын жан-жақты ілгерілету. Дәстүрлі салаларды трансформациялау мен жаңғыртуды, дамып келе жатқан салаларды дамыту мен кеңейтуді және болашақ салалардың болашаққа бағытталған орналасуын сәйкес түрде ілгерілету, осылайша көптеген салаларды жасанды интеллектпен қамтамасыз ету.
Екіншіден, қауіпсіздік пен бақылауды қамтамасыз ету үшін тәуекелдер туралы танымды күшейту. Жасанды интеллектпен байланысты әртүрлі ішкі және туынды тәуекелдерге үлкен мән беру. Заңдар мен ережелерді, техникалық мониторингті, тәуекелдерді ерте ескертуді және төтенше жағдайларға жауап беруді қамтитын жүйелерді құруды ілгерілету. Қауіпсіздіктің негізгі деңгейін мықтап қамтамасыз ету, дұрыс пайдаланбау мен теріс пайдаланудың алдын алу және жасанды интеллекттің бастан аяқ адам бақылауында болуын қамтамасыз ету. Жасанды интеллект саласындағы ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын шамадан тыс кеңейту немесе өз елінің қауіпсіздігін басқа ұлттардың қауіпсіздігінен жоғары қою әрекетіне бірлесіп қарсы тұру.
Үшіншіден, өркениеттер арасындағы инклюзивтілікті ынталандыру және өзара өнеге алуды дамыту. Адамзаттың ортақ құндылықтарына негізделген жасанды интеллект құндылықтарын қалыптастыру. Әртүрлі өркениеттер арасындағы түсіністік пен инклюзивтілікті арттыру, ұқсамаған өркениеттер арасындағы алмасулар мен өзара өнеге алуды дамыту үшін жасанды интеллект технологиясын шебер пайдалану.
Төртіншіден, жаһандық басқаруды жақсарту үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруды дәріптеу. Шынайы көпжақтылықты тәжірибеден өткізу және Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызды рөлін тиімді пайдалану. Жасанды интеллект дамыту стратегияларын, басқару ережелерін және техникалық стандарттарды үйлестіруді, сәйкестіруді күшейту. Бұл озық технологияның адамзат қоғамына бақыт жаратуы үшін жаһандық басқару шеңбері бойынша ерте кең консенсусқа қол жеткізуге тырысу. Жасанды интеллект саласында жаңа тарихи әділетсіздіктерді тудырмау үшін жаһандық Оңтүстік елдерге әлеуетті арттыруда, цифрлық және интеллектуалды алшақтықты жоюда және тұрақты дамуды ілгерілетуге көмектесу.
Фото: Синьхуа
people.cn © People's Daily Online



