Қытай мен Қырғызстан бірлесіп Шурабашат ежелгі қала орнындағы археологиялық жұмыстарды бастады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 шілде

17 шілде, онлайн «Халық Газеті» --2026 жылдың 16 шілдесінде Қытай мен Қырғызстан бірлесіп жүргізетін Шурабашат ежелгі қала орнындағы археологиялық жұмыстар Қырғызстанның Ош облысы, Өзген қаласында ресми түрде басталды.

Шурабашат ежелгі қала орны Ош облысы Өзген қаласының солтүстік жағында орналасқан Ферғана ойпаты аймағының шығыс бөлігіндегі орталық қала. Ерекшелігі қосалқы елді мекендерді қамтитын маңызды ескерткіштер тобы болып табылады.

Биылғы жылы бірлескен археологиялық топ шамамен 2 шаршы шақырым аумақты құрайтын негізгі аймақта қала қабырғалары, жолдар сияқты ескерткіштерге барлау жүргізуді және қашықтықтан зондтау көппәндік кешенді археологиялық зерттеулерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Белгілі болғандай, 2019 жылдан бастап Шығыс-солтүстік университетінің Жібек жолы археологиялық ынтымақтастық зерттеу орталығы мен Қырғызстан тарапы жергілікті жерде 40-тан астам мәдени ескерткіштерге барлау жүргізген. Алдын ала атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне сүйене отырып, тараптар 2026 жылдан бастап осы ежелгі қалада ресми археологиялық жұмыстар жүргізу туралы келісімге келді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото