2026 жылғы Қытай Такламакан Жібек жолы раллиі басталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 шілде

20 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 17 шілде күні Шыңжаңның Шаяр ауданында 2026 жылғы Қытай Такламакан Жібек жолы раллиі басталды. Іс-шара Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанды байланыстыратын шекарааралық маршрутті жалғайды.

Жарысқа 80 жарыс көлігі, 160-тан астам жүргізуші мен жол бастаушы қатысады. 19 күнге созылатын іс-шараның жалпы қашықтығы 4000 шақырымнан асады.

Бұл іс-шара бәсекеге қабілетті жарыстарды шекарааралық мәдени туризм тәжірибесімен біріктіреді. Ішкі кезең жол талғамайтын көліктер жарысына бағытталса, шетелдік маршрут көрікті жерлерді аралауға баса назар аударады. Ел ішіндегі жарыс аумағына Ақсу аймағындағы Шаяр ауданы, Күшар қаласы, Бай ауданы және Үштұрпан ауданы енеді. Ал көліктер тобы Қытайдан Үштұрпан ауданындағы Бедел асуы арқылы Қырғызстанға кіреді. Шетелдік кезең 2 бағыт бойынша өтеді: А бағыты — Қырғызстан ішіндегі 7 күндік сапарға созылып, бастысы Ыстықкөлді аралайды; В бағыты — Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан арқылы өтетін 15 күндік ұзақ сапар. Онда 3 елдің әртүрлі ландшафттарының, соның ішінде ежелгі Жібек жолы қалаларын, альпілік көлдерді, жайылымдық жерлер мен өзен аңғарларының жан-жақты көрінісін тамашалай алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото