- Барлық ақпарат
Air China Бейжің мен Бішкек арасында тікелей рейс ашты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 шілде

20 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 17 шілде күні Бейжің халықаралық әуежайынан ұшып шыққан CA893 рейсі Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Манас халықаралық әуежайына қонды. Бұл Air China-ның Бейжің мен Бішкек арасындағы тікелей бағытының ресми түрде ашылуын білдіреді.
Бағыт аптасына үш рет — дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. CA893 Бейжіңнен Бішкекке баратын рейстің ұшу уақыты 5 сағат 40 минутты, ал CA894 Бішкектен Бейжіңге келетін рейстің ұшу уақыты 4 сағат 50 минутты құрайды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



