- Барлық ақпарат
Мемлекеттік даму банкі жылдың бірінші жартыжылдығында сыртқы сауда мен шетел инвестициясын тұрақтандыру саласына 94 млрд юань несие берді

20 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Мемлекеттік даму банкінен алған ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері Мемлекеттік даму банкі сыртқы сауда мен шетел инвестициясын тұрақтандыруға арналған тікелей несие лимитін белгілеп, сыртқы сауданы тұрақтандыруға арналған арнайы субнесие рөлін одан әрі жалғастырып, сыртқы сауда және шетелдік кәсіпорындарға қаржылық қолдауды кешенді түрде арттырды. Жылдың бірінші жартыжылдығында банк сыртқы сауда мен шетел инвестициясын тұрақтандыру саласына 94 млрд юань несие беріп, сыртқы сауданың жаңа түрлері мен жаңа үлгілерін дамытуға және шетелдік кәсіпорындардың Қытайда дамуына қызмет көрсетті.
Мемлекеттік даму банкінің халықаралық қаржы департаментінің басшысы банк сыртқы сауда мен шетел инвестициясын тұрақтандыруға арналған қаржы өнімдері мен қызметтерін одан әрі оңтайландырып, тәуекелдердің алдын алуды жіті жүргізіп, қытайлық кәсіпорындардың, қытайлық өнімдердің және қытайлық қызметтердің «шетелге шығуын» жақсырақ қамтамасыз етіп, «Қытайға инвестиция салу» брендін одан әрі нығайтуға ықпал ететінін айтты.
people.cn © People's Daily Online



