- Барлық ақпарат
Қытай «Цифрлық-интеллекттік дәуірдегі жаһандық желілік басқару туралы Қытайдың ұстанымы» құжатын жариялады

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық киберқауіпсіздік тұрақты тетігінің алғашқы отырысы 20-24 күндері Нью-Йорктегі БҰҰ Бас штаб-пәтерінде өтті. Қытай делегациясы «Цифрлық-интеллекттік дәуірдегі жаһандық желілік басқару туралы Қытайдың ұстанымы» құжатын ұсынды.
Құжаттағы ең көп назар аударған мәселе — Қытай тарапының «цифрлық егемендік» қағидатын ұсынуы. Бұл «желілік егемендіктен» кейін Қытайдың жаһандық желілік басқаруға қатысуындағы тағы бір маңызды ұстанымы.
Қытай барлық елдің Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын сақтауға, өз елдерінің жағдайына сәйкес жасанды интеллект және басқа да цифрлық-интеллекттік технологияларды дамыту жолдарын, өнімдері мен қызметтерін дербес таңдауға құқылы екенін, сырттан мәжбүрлеп, «бір жақты таңдауға» итермеленбеуі керектігін атап өтті.
Жасанды интеллект сияқты жаңа технологиялар әкелетін киберқауіпсіздік тәуекелдеріне қатысты Қытай көпжақтылықты ұстануға және халықаралық қоғаммен бірлесе отырып, жаңа желілік халықаралық ережелерді әзірлеуге, осылайша сын-қатерлерге тиімді қарсы тұруға және жалпыға бірдей дамуға ықпал етуге шақырды.
people.cn © People's Daily Online



