Шыңжаңның екі шекара бекеті 2026 жылы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыздарының өтуін 10 мың рейске жеткізді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 шілде

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі кеден басқармасынан алынған мәліметке сәйкес, 17 шілдеде механикалық жабдықтар мен электрондық бұйымдарға толы Еуропа бағытындағы бір пойыз Алашанькоу кеденінде рұқсат рәсімдерін аяқтап, Польшаның Малашевич қаласына бағыт алды. Осы пойыздың сәтті шығуымен биыл Шыңжаңның Алашанькоу және Қорғас екі шекара бекеті арқылы өткен Еуропа (Орталық Азия) бағытындағы пойыздардың жалпы саны 10 мың рейстен асты.

Кедендік рәсімдеу тиімділігінің үздіксіз артуы пойыздар санының жылдам өсуінің негізгі тірегі болды. Үрімжі кедені «ақылды теміржол бекеті + жергілікті жерде жеделдетілген кедендік рәсімдеу» реформасын тереңдетіп, импорттық тауарлардың жалпы өткізу уақытын 2-3 тәуліктен 16 сағатқа дейін қысқартты, яғни 70%-ға төмендеді; жергілікті жердегі экспорттық тауарлардың өткізу уақыты 6 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқарды, бұл 80%-ға азайғанын көрсетеді. Биыл екі шекара бекеті арқылы тәулігіне Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыздардың өтуі орта есеппен 50 рейстен жоғары деңгейде сақталып, батыс бағыттағы құрлықаралық транзиттік дәліздің тиімділігі айтарлықтай артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото