Шыңжаңның Луньтай ауданы су тасқынын пайдаланып, миллион му тораңғы орманын суаруда

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 шілде

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың ең ұзын ішкі өзені — Шыңжаңдағы Тарым өзені тасқын маусымына кірді. Байнғолын Моңғол автономиялы облысына қарасты Луньтай ауданы осы мүмкіндікті пайдаланып, кең ауқымды тораңғы орманын тасқын судан пайдаланып суаруда.

Луньтай ауданы 2019 жылдан бастап тораңғы орманын құтқару акциясын іске қосып, жыл сайын тасқын маусымын пайдаланып суару жұмыстарын жүргізеді. Жұмыскерлер ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жерүсті тексерісін ұштастыра отырып, су ресурстарын нақты бөледі, табиғи ормандарды суаруға басымдық бере отырып, жасанды ормандарды да толықтырып суарады.

Үздіксіз жүргізілген экологиялық су жіберу айтарлықтай нәтижелерге әкелді: орман алқабындағы жерасты суының деңгейі орта есеппен 1 метрге көтеріліп, жердің шөлге айналуы тиімді түрде тежелді; тораңғы тұқымының табиғи түрде өну деңгейі 20%-дан 60%-дан астамға дейін артты; бұғы, аққұтан сияқты жабайы жануарлар орман арасында жиі көріне бастады, жергілікті экологиялық жүйе тұрақтанып келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото