- Барлық ақпарат
Қытайда бала тәрбиесіне арналған субсидияны биыл 25,16 миллион сәби мен бүлдіршін алды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 шілде

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық денсаулық сақтау комитетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша бала тәрбиесіне арналған субсидия бүкіл ел бойынша 25,16 миллион сәби мен бүлдіршінге таратылды.
2025 жылы басталған бұл ұлттық субсидия бағдарламасы 3 жасқа дейінгі сәбилер мен бүлдіршіндерге жылына әр балаға 3600 юань бөледі. Биыл орталық үкімет арнайы қаражатқа 99,9 миллиард юань бөлді. Жергілікті сәйкес қорлармен бірге жылдық инвестицияның жалпы сомасы шамамен 110 миллиард юаньға жетеді деп болжанып отыр.
Бұл субсидия бағдарламасы — Қытайдың босану, бала тәрбиесі және білім берумен байланысты шығындарды азайту және халықтың ұзақ мерзімді, теңгерімді дамуын ілгерілету үшін қолданатын негізгі шарасы.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



