- Барлық ақпарат
Еліміздің алғашқы шекарааралық теңіз-теміржол-тасжол «бір құжатты» интермодальды пойызы іске қосылды

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 21 шілде күні коммерциялық көліктер мен автобөлшектерді толық тиеген X80442 пойызы Яньтай портынан жолға шықты. Бұл еліміздің «бір құжатты» жүйесін пайдаланатын алғашқы шекарааралық теңіз-теміржол-тасжол интермодальды пойызының сәтті іске қосылуын білдіреді.
Қызметте үздіксіз «теңіз-теміржол-тасжол» мультимодальды тасымалдау моделі қолданылады. Жүк Корея Республикасының Инчхон қаласынан Яньтай портына теңіз жолы арқылы жеткеннен кейін, Шыңжаңдағы Қашқарға қарай тікелей теміржол қатынасы арқылы жөнелтілді. Ол Қашқардан тасжолмен Қырғызстанның Бішкек қаласына жеткізіледі. Барлық сапар небәрі 12 күнге созылатын бұл жаңа форма дәстүрлі әдістерге қарағанда 5 күнге жылдам.
Ұлттық теміржол платформасына сүйене отырып, бүкіл жолды бір құжатпен рәсімдейді. Тұтынушылар бір рет тапсырыс беру арқылы «бүкіл сапарға бір құжат, бір реттік төлем, бір контейнер және толық жауапкершілік» сияқты кешенді қызметке қол жеткізе алады. Бұл дәстүрлі трансшекаралық логистикамен байланысты күрделі мәселелер мен үйлестіру қиындықтарын тиімді шешеді.
Фото: Синьхуа
people.cn © People's Daily Online



