Шанхайдың сыртқы саудасы жылдың бірінші жартысында сәйкес уақытпен салыстырғанда 18,6%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 шілде

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай кедені мәліметтері бойынша, Шанхайдың сыртқы саудасы жылдың бірінші жартысында тұрақты өсімді сақтап, импорт пен экспорттың жалпы көлемі 2,55 триллион юаньға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,6%-ға өскен. Экспорт 1,14 триллион юань болып, сәйкес уақытпен салыстырғанда 20,1%-ға артып, алғаш рет 1 триллион юаньдық межеден асып түсті. Ал импорт 1,41 триллион юаньды құрап, сәйкес уақытпен салыстырғанда 17,4%-ға жоғарылады. Көрсеткіш сыртқы сауданың жалпы көлемін рекордтық деңгейге жеткізді.

Нарыққа келетін болсақ, Шанхай жылдың бірінші жартысында 200-ден астам ел-аймақпен сауда өсіміне қол жеткізіп, сауда көлемі 10 миллиард юаньнан асатын сауда серіктестерінің саны 36-ға жетті. Еуропалық Одақ, Австралия және Корея Республикасын қоса алғанда, дәстүрлі нарықтағы сауда 757,7 млрд юаньды құрап, сәйкес уақытпен салыстырғанда 29,1%-ға өскен. «Бір белдеу, бір жолды» бірге салатын елдермен сауда үлесі 41,8%-ға дейін ұлғайды. Ал АСЕАН, Латын Америкасы және Африка сияқты дамушы нарықтармен сауда көлемі рекордтық деңгейге жетті.

Өнеркәсіп саласында Шанхайдың дәстүрлі өндіріс салаларының экспорты қуатты серпін көрсетіп, автомобиль және кеме жасау экспорты сәйкесінше 81,6% және 42,5%-ға өсті. Сонымен қатар, «жаңа сапалы өндіргіш күштердің» ауқымы тез кеңейді; жасанды интеллектке қатысты өнімдердің бес санаты – өнеркәсіптік трансформаторлар, энергия сақтау батареялары, серверлер, интегралды микросхемалар және қатты күйдегі дисктердің импорты мен экспортының жиынтық құны 71,8%-ға өсіп, 471,2 млрд юаньға жетті. Өнеркәсіптік, интеллектуалды бионикалық және хирургиялық роботтардың жиынтық экспорты 1,2 есеге жоғарылап, хирургиялық роботтардың жеке экспортының өзі 2,4 есе артты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото