- Барлық ақпарат
Бір «уыс» Тунжэнь шайының хош иісі төрткүл төңірекке таралды
23 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу өлкесінде орналасқан Тунжэнь қаласы әлемнің назарын жаһандық трендке айналған «Матча» (ұнтақталған көк шай) арқылы өзіне аударып отыр.
Тунжэньнің экологиялық артықшылығы ерекше. Мұндағы ЮНЕСКО-ның Әлемдік табиғи мұра тізіміне енген Фаньцзиншань тауы – сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің мекені ғана емес. Аймақ сонымен қатар, биік таулы, бұлтты-тұманды және күн сәулесі аз бірегей микроклиматты қалыптастырып, жоғары сапалы шай өсіруге табиғи алтын бесік болып отыр.
Осы экологиялық негізге сүйене отырып, Тунжэнь қаласы қазіргі уақытта 85 мың му (шамамен 5 667 гектар) матча өсірудің негізгі алаңын салып, әлемдегі ең ірі матча тазарту цехын құрды. «Қытайдың матча астанасы» атанған бұл қала жетілген ірі ауқымды өндірістік тізбекті қалыптастырған.
Өлкенің мынадай жетістіктері оның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді: 2025 жылы Тунжэнь матчасының өндірісі мен сатылымы 2500 тоннаға жетіп, экспорт көлемі бойынша Қытайда бірінші, ал дүние жүзінде екінші орынға көтерілді. Қазіргі таңда Тунжэнь матчасы заманауи тұтыну нарығында кеңінен қолданылып, жаңа буын шай сусындарынан, нан-тоқаш өнімдерінен жергілікті дәмді тағамдарға дейін барлық салада өз орнын тапты.
Қытайдың оңтүстік-батысындағы таулы аймақтан келетін осы нәзік шайдың хош иісі бүкіл әлемдік ас-су өнеркәсібі тізбегіндегі ажырамас «Қытай жасылына» айналып отыр.

people.cn © People's Daily Online



