- Барлық ақпарат
Қытай математиктері Филдс медалін жеңіп алды

24 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Бейжің университетінен алған мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы Халықаралық математиктер жиналысы 23 шілде күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында басталды. Жиынның ашылу салтанатында Халықаралық математикалық одақ 21-інші Филдс медалінің иегерлерін ресми түрде жариялады. 2007 жылы Бейжің университетіне бакалавриатқа түскен Ван Хун мен Дэн Юй лауреаттар қатарында шығып, қытайлық математиктер Филдс медалін жеңіп алды.

4 жыл сайын 1 рет таратылып, әр жолы 4-тен аспайтын лауреатқа берілетін Филдс медалі математика саласына ерекше үлес қосқан 40 жасқа дейінгі ғалымдарды марапаттайды. Бұл халықаралық математикалық қауымдастықтағы ең жоғары марапаттардың бірі және көбінесе «математика бойынша Нобель сыйлығы» деп аталады.
Фото:Синьхуа

people.cn © People's Daily Online



