Юньнань өлкесіндегі бастауыш мектепте салмағы 54,7 келі болатын алып саңырауқұлақ байқалды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 шілде

24 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Юньнань өлкесінің Линьцан қаласына қарасты Гэнма ауданындағы бастауыш мектепте мұғалімдер мен оқушылар бір шоғыр ірі жабайы саңырауқұлақты байқады. Сараптама нәтижесінде оның алып саңырауқұлақ (Macrocybe gigantea) екені анықталды. Бұл саңырауқұлақ жеуге жарамды, әрі бір данасының салмағы 54,7 келіге жеткен.

Юньнань өлкесінің жер бедері алуан түрлі, климаты ерекше, орман-тау ресурстары мол, бұл жабайы саңырауқұлақтардың өсуіне өте қолайлы. Юньнань өлкесінде жабайы жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 670-тен астам түрі бар. Бұл Қытайдағы саңырауқұлақ түрлерінің шамамен 70%-ын құрайды. Сондықтан бұл жерді «Жабайы саңырауқұлақтар патшалығы» деп те атап кеткен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото