«Қытай мұнай-газ корпорациясы» Шыңжаңда алғашқы 1 гигаватттық жел энергиясы жобасының тұңғыш турбинасын орнатты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 шілде

24 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 18 шілдеде «Қытай мұнай-газ корпорациясы» (PetroChina) Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының Тұрпан қаласына қарасты Пішан ауданында өзінің алғашқы 1 гигаватт (1 миллион киловатт) қуатты жел энергиясы жобасының тұңғыш жел турбинасын сәтті орнатты.

Бұл жоба Шыңжаңның әйгілі жел аймағында орналасқан. Құрылыс ортасы өте тәуекелге толы: жазғы ең жоғары температура 48°C-тан асады, ал металл мұнаралардың беті 70°C-қа дейін қызады. Табиғи жағдайлар тым қатал, көптеген қиындықтарды жеңуге тура келеді. Қазіргі уақытта жоба жел турбиналарын жаппай орнату және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезеңіне өтті.

Жоба толық іске қосылғаннан кейін жылына электр энергиясын өндіру қуаты 1,669 млрд киловатт-сағатқа жетеді. Бұл жыл сайын 503 400 тонна стандартты көмірді үнемдеуге және 1 338 900 тонна көмірқышқыл газының шығарындысын азайтуға тең.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото