Қытай ғалымдары күріштің құрғақшылыққа төзімділігінің «жаңа белгісін» тапты, бұл көп дақылдың құрғақшылыққа төзімділігіне жол ашады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 шілде

24 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 23 шілдеде Хуажун ауыл шаруашылығы университетінің профессоры Сюн Личжун жетекшілік ететін ғылыми топ халықаралық «Cell» академиялық журналында «Күріш тұқымдасының жетім гені түраралық құрғақшылыққа төзімділік береді» деген тақырыптағы зерттеу мақаласын жариялады. Зерттеу барысында «ROAD1» деп аталатын күріш тұқымдасына тән құрғақшылыққа төзімді жетім ген анықталды. Сонымен қатар, осы геннің функционалды аллелі ROAD1ᶜ бар күріштің егіс алқабындағы құрғақшылық жағдайында өнімділігі айтарлықтай артқаны байқалды.

Тағы бір қуантарлығы, зерттеу тобы ROAD1 генін қалдыргүл (Arabidopsis thaliana), рапс, жүгері, бидай және терек өсімдіктеріне енгізгенде, бұл өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі жоғарылағанын анықтады. Бұл - күріштен табылған геннің көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін «түраралық құрғақшылыққа қарсы құрал» бола алатынын білдіреді.

Бұл зерттеу тек өсімдіктердің жаңа гендер арқылы қоршаған ортаға қалай бейімделетіні туралы ғылыми сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар болашақтағы ауыл шаруашылығындағы құрғақшылыққа төзімді селекция үшін бағалы генетикалық ресурстар мен зерттеу бағыттарын ұсынады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото