Ван И Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 шілде

27 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Орталық саяси бюро мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И 24 шілдеде Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Кеңеске ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері және ШЫҰ хатшысы, аймақтық терроризмге қарсы құрылымның атқарушы комитет төрағасы және т.б. шақырылды.

Ван И Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына қатысты төрт ұсыныс айтты:

Біріншіден, «Шанхай рухы» бағдарын, онымен тағдыры ортақ адамзат қауымдастығының бағытын айқындау.

Екіншіден, бейбітшілік пен тұрақтылықтың қорған қабырғасын нығайтып, «төрт қауіпсіздік орталығының» (қауіпсіздік қатерлері мен сын-тегеуріндерге қарсы күрес орталығы, ақпараттық қауіпсіздік орталығы, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес орталығы, есірткіге қарсы күрес орталығы) іске қосылуын жеделдету.

Үшіншіден, ортақ ұтыспен дамудың қозғаушы күшін ынталандырып, барынша көлемді даму жетістіктерін бірлесіп жасау.

Төртіншіден, жаһандық басқарудың бірегей аймағын құрып, барлық тараптардың қатысуымен жаһандық басқарудың тиімді моделін талқылау.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото