- Барлық ақпарат
«Цзиндэчжэнь қолдан жасалған фарфор өнеркәсібі мұралары» Дүниежүзілік мұра тізіміне ресми түрде енгізілді

27 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 25 шілде күні Корея Республикасының Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-інші жиналысында «Цзиндэчжэнь қолдан жасалған фарфор өнеркәсібі мұралары» Дүниежүзілік мұра тізіміне ресми түрде енгізілді. Қазір Қытайдағы Дүниежүзілік мұра орындарының жалпы саны 61-ге жетті.
Дүниежүзілік мұра комитеті Цзиндэчжэньнің қолдан жасалған фарфор өнеркәсібі Ⅹ-ⅩⅨ ғасырларды қамтитын фарфор жасау технологиясы мен өнерінің инновациялық үйлесімін көрсететінін айтты. Бұл сондай-ақ қытайлық қолдан жасалған фарфор өндірісінің әлемдік фарфор өнеркәсібіне, сондай-ақ өркениеттер арасындағы тәжірибе алмасуға және өзара өнеге алуға терең әсерін көрсетеді.

«Цзиндэчжэнь қолдан жасалған фарфор өнеркәсібі мұралары» 5 бөліктен тұрады. Олар: Қалашық ішіндегі фарфор өндірісі орталығы, Хутянь ежелгі пеші алаңы, Гаолин фарфор саз кеніші алаңы, Чанлин фарфор тас кеніші алаңы және Цзяотань пешінің отын өндірісі аймағы. Жалпы аумағы 1979 гектарды, орталық аймағы 5545,7 гектарды алып жатыр, ал жалпы ауданы 7524,7 гектар.
Фото:Синьхуа







people.cn © People's Daily Online



