Жасанды интеллект, роботтар және инновациялық дәрі-дәрмектер экспорты өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 шілде

27 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Электр көліктері мен фотоэлектрлік өнімдерден кейін жасанды интеллект, роботтар және инновациялық дәрі-дәрмектер Қытайдың сыртқы саудасында танымал тауарға айналды, бұл елдің өнеркәсіптік жаңғыруын көрсетеді.

Жаһандық жасанды интеллект модельдерін агрегациялау платформасы OpenRouter мәліметтері бойынша, шілденің үшінші аптасында Қытайдың ірі көлемді жасанды интеллект модельдерінің апталық пайдалану көлемі 36,11 триллион токенге жетіп, сәйкес уақытпен салыстырғанда 30%-дан асып, 12 апта қатарынан әлемде көш бастады. Бұл Қытайдың жасанды интеллект саласы бағдарламалық жасақтаманы экспорттаудан негізгі алгоритмдер мен модель API қызметтері сияқты «көрінбейтін сандық қабілеттерді» экспорттауға көшуін білдіреді.

Жылдың бірінші жартысында тазалау роботтары мен ақылды бионикалық роботтардың жалпы экспорты 18,09 миллиард юаньды құрады; өнеркәсіптік роботтардың экспорты 6,29 миллиард юаньға жетіп, 18,6%-ға өсті, өнімдер әлемнің 141 елі мен аймағына сатылды; ал хирургиялық роботтардың экспорты 480 миллион юаньға жетіп, 3,3 есе артып, экспорт нарығы 23-тен 49 бағытқа дейін кеңейді.

Алғашқы жарты жылда қытайлық инновациялық дәрі-дәрмектерді лицензиялау бойынша келісімдердің жалпы құны шамамен 110 миллиард долларға жетті. Қытайдың фармацевтикалық компаниялары әлемдік фармацевтикалық саудадағы алғашқы ондықтың 8-ін иеленді. Қытай сонымен қатар 1-інші санаттағы 38 инновациялық дәрі-дәрмектің мақұлдауын алып, олардың 11-і жаңа мақсаттары мен механизмдері бар «әлемдегі жаңа» дәрі-дәрмектер болды. Қазіргі уақытта Қытай әзірленіп жатқан жаңа дәрі-дәрмектердің жаһандық желісінің шамамен 30%-ын құрайды, бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемде 2-інші орында тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото