Шыңжаңның Қорғас портындағы импорттық және экспорттық жүк көлемі жылдың бірінші жартысында рекордтық деңгейге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 шілде

27 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 24 шілде күні тілшілер Қорғас кеденінен алған мәліметке сәйкес, осы жылдың бірінші жартысында Шыңжаңның Қорғас портында нақты бақыланған импорттық және экспорттық жүк көлемі 22,954 миллион тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артық және жаңа тарихи рекорд.

Тауар санаттары бойынша импорттың негізгі бөлігін электромеханикалық өнімдер, металл кендері, ауыл шаруашылығы өнімдері және азық-түлік құрады. Әсіресе импортталған ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің сауда көлемі айтарлықтай өскен. Экспорт негізінен жаңа энергетикалық көліктерден, жоғары технологиялық өнімдерден, тоқыма бұйымдарынан және киім-кешектен тұрды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото