- Барлық ақпарат
Еліміздегі әуе жарамдылығы талаптарына сәйкес әзірленген тұңғыш ұзақ ұшатын ұшқышсыз ұшу аппараты Яньтай қаласында алғаш рет ұшты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 шілде

27 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 26 шілдеде Қытай кәсіпорны әзірлеген TP200 көпфункционалды ұзақ ұшатын ірі ұшқышсыз ұшу аппаратының алғашқы сынақ ұшуы сәтті өтті. Ұшу барысында аппараттың ұшу қалпы тұрақты және бақылау аясында болды, көтерілу биіктігі мен крейсерлік жылдамдығы жобалық көрсеткіштерге толық сай келді.
TP200 – еліміздегі әуе жарамдылығы талаптарына сәйкес тура бағытта әзірленген тұңғыш тонналық деңгейдегі көпфункционалды ұзақ ұшатын азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараты. Бұл модель ұзақ уақытқа созылатын биіктегі жұмыстарға арнайы бейімделген. Сондай-ақ аппарат жоғары аэродинамикалық ұзартылған қанаттың жоғарғы орналасу схемасымен жобаланған. Оның толық жүктемедегі ұшу ұзақтығы 24 сағаттан астамды құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



