Қытайлық eVTOL Астанада алғашқы ұшуын орындады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 шілде

28 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 24 шілдеде Қазақстанның елордасы Астана қаласында алғашқы аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті. Іс-шараны қазақстандық «Alatau Advance Air Group Ltd.» компаниясы мен қытайлық eVTOL AutoFlight серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Ұшу «Қазанат» ипподромы аумағында жүзеге асырылды.

Көрсетілім үшін бір ұшқыш пен 5 жолаушыға арналған eVTOL AutoFlight Prosperity аппараты пайдаланылды. Құрылғы сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшып, 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады.

Демонстрациялық ұшудан кейін AutoFlight Prosperity аэротаксиі Астанада өтетін халықаралық «Болашақ ойындары – 2026» турниріндегі ең қызықты экспонаттардың біріне айналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото