- Барлық ақпарат
Ішкі Моңғұлдың Ордос қаласында әлемдегі алғашқы нөлдік көміртекті әуежай салынды

28 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай сапа сертификаттау орталығы және Қытай байланыс және көлік қауымдастығы тексеріп, сертификаттаған Ордос Эджин Хоро халықаралық әуежайы шығарындыларды 95,15% кешенді азайту деңгейіне қол жеткізді. Қалған 5%-ға жуық мөлшердегі шығарындылары көміртегін өтеу жоспарларына айқын сәйкес келеді, бұл жалпы көміртегі шығарындыларын нөлге немесе одан азға дейін жеткізіп, «нөлдік көміртекті әуежай» стандартына сәйкес келді. Аталмыш технологиялық жетістік жалпы алғанда әлемдік жетекші деңгейдеі.
Бұл технологияны Бейжің университетінің Ордос энергетика институты тәуелсіз әзірледі. Топ ұсынған транскритикалық көмірқышқыл газы «жазда салқындату және қыста жылыту» сынды интеграцияланған термодинамикалық цикл механизмін қолдана отырып, негізгі техникалық қиындықтарды еңсеріп, топ «жел, күн нұры, сақтау, салқындату, жылыту және электр энергиясын» біріктіретін интеграцияланған нөлдік көміртекті энергия жүйесін инновациялық түрде құрды және оны әуежайға сәтті қолданды.

Қазіргі уақытта әуежайдың энергия балансының 90%-дан астамын таза энергия құрайды, жел және күн энергиясын жылдық тұтыну 21 миллион кВт/сағ-тан асады. Жылыту және салқындату жүйесі жылдық пайдалану энергиясын тұтынуды 60%-ға және жылдық пайдалану шығындарын 50%-ға қысқартты. Бұл жылына 2 миллион текше метрден астам табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік берді. Әуежай қазір қазба отынын пайдалануды нөлге түсіру, фреонды пайдалануды нөлге апару және салқындатқыш суды нөлге дейін тұтынумен сипатталатын жасыл энергиямен жабдықтау моделіне қол жеткізді. Бұл қадам айтарлықтай экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайда әкеледі.
people.cn © People's Daily Online



