Қытайдың Сауда министрлігі: Саудадағы үлкен профицит өндіріс қуатының артық болуына тең емес

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 шілде

29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 28 шілде күні Қытайдың Сауда министрлігі «Қытайдың «артық өндіріс қуаты» мәселесі бойынша ұстанымы» атты құжатты жариялады. Онда кейбір елдер жақында көтерген Қытайдың «артық өндіріс қуаты» туралы әңгіме жоққа шығарылды. Құжатта Қытайдың экспорт көлемінің жоғары болуы және үлкен сауда профициті артық өндіріс қуатына тең емес екені көрсетілген.

Жақында өздерінің өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілігіне қатысты алаңдаушылыққа байланысты кейбір елдер экономикалық және сауда мәселелерін саясаттандырып, «артық өндіріс қуаты» деген сылтаумен Қытайға қосымша сауда шектеулерін енгізді. Жауап ретінде Қытай құжатында келесі мәселелерді айқын көрсетті:

Біріншіден, өнеркәсіптік субсидиялар мен артық өндіріс қуаты арасында қажетті байланыс жоқ. Ірі елдер субсидиялардың заңды болуы бойынша үлгі көрсетуі керек.

Екіншіден, Қытайдың экспорттық өсуі ауқымды экономика мен инновацияны күшейтуден туындайды және әртүрлі елдердің жасыл трансформацияға көшуге деген нақты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұл артық өндіріс қуатты сыртқа шығару емес.

Үшіншіден, жаһандық экономикалық теңгерімсіздіктің түпкі себептері күрделі. Бұл халықаралық қаржы жүйесі мен макроэкономикалық саясаты сияқтыларға қатысты. Сондықтан мәселені жай ғана Қытайға итере салуға болмайды.

Соңында, «Қытайдағы ішкі сұраныстың жеткіліксіздігі артық өндіріс қуатына әкелді» деген тұжырым шындықпен үйлеспейді. Қытай тек «әлемдік зауыт» ғана емес, сонымен қатар ол да үлкен тұтыну нарығы.

Сауда министрлігі өндіріс қуат мәселесіне объективті және әділ қарау керектігін атап өтті. Протекционизмге жүгіну және шектеу шараларын теріс пайдалану отандық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмегі тимеумен қатар, бұл жаһандық жеткізу тізбегінің тұрақтылығын бұзады және жаһандық экономикаға ұзақ мерзімді тәуекелдер тудырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото