- Барлық ақпарат
Еліміздің зияткерлік меншік пайдалану ақысы экспорты осы жылдың алғашқы 5 айында 45,5 миллиард юаньға жетті

29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 29 шілде күні Мемлекеттік зияткерлік меншік басқармасы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің ақпарат кеңсесіде өткізген баспасөз мәслихатында еліміздің зияткерлік меншік саласындағы халықаралық бәсекеге қабілеттілігі айтарлықтай күшейгенін хабарлады.
Жылдың бірінші жартысында қытайлық өтініш берушілер PCT халықаралық патенттік өтінімдері, Гаага жүйесінің дизайнына халықаралық өтінімдері және Мадрид жүйесінің сауда белгісіне халықаралық тіркеу өтінімдері бойынша әлемде алдыңғы қатарға еніп, жалпы көлем тұрақты өсімді көрсетті. Алғашқы 5 айда еліміздің зияткерлік меншік пайдалану ақысы экспорты 45,5 миллиард юаньға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 64,9%-ға өскен. Көрсеткіш қытайлық кәсіпорындардың халықаралық аренада жаңа бәсекелестік артықшылықтар жасау үшін зияткерлік меншікті белсенді түрде пайдаланып жатқанын көрсетеді.
people.cn © People's Daily Online



