Қытай-Еуропа жүк пойызы Еуропаның 26 еліндегі 236 қалаға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 шілде

29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 28 шілдеде Мемлекеттік даму және реформа комитетінің баспасөз мәслихатынан алынған мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін Қытай-Еуропа теміржол экспрессі Еуропаның 26 еліндегі 236 қалаға жетіп, жиынтық рейс саны 130 мыңнан асып, тасымалданған жүк құны 520 миллиард АҚШ долларынан асты.

Мемлекеттік даму және реформа комитетінің өкілі Лян Линьчунның айтуынша, жүк санаттары 53 салаға, 50 мыңнан астам тауар түріне дейін кеңейтілген, оның ішінде автокөлік және автобөлшектер, машина-жабдықтар, электронды-электрлі жабдықтар және басқа да қосылған құны жоғары жүктер Қытай-Еуропа пойызы экспортының негізгі тауарларына айналды.

Тасымалдау тиімділігі тұрғысынан Қытайдың Сиань қаласынан Германияның Дуйсбург қаласына дейінгі тасымалдау уақыты 11 күнге дейін қысқарды.

Осы жылдың маусым айында Қытай-Еуропа жүк пойыздарының бірыңғай бренді ресми түрде іске қосылғанына он жыл толды. Қытай-Еуропа жүк пойызының рейс көлемі 2016 жылғы 1702 рейстен 2025 жылы 20022 рейске дейін өсіп, жылдық орташа өсім қарқыны 30%-дан асты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото