СІМ: АҚШ-тың озық роботтарды импорттауға қойған шектеулеріне қатаң түрде қарсымыз

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 30 шілде

30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Америка Құрама Штаттарының Федералдық байланыс комиссиясы шетелде жасалған озық роботтарды, оның ішінде Қытай басым орынға ие болған адам тәрізді роботтарды импорттауға шектеулер енгізетінін жариялады. ҚХР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нин 29 шілдеде өткен кезекті баспасөз мәслихатында тілшінің осы мәселеге қатысты сұрағына жауап бере отырып, Қытай АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздікті сылтау етіп, қытайлық кәсіпорындарды шектеуіне әрдайым қатаң қарсы екенін жеткізді.

Мао Нин мынаны айтты: протекционизм АҚШ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыра алмайды, керісінше америкалық кәсіпорындар мен тұтынушылардың мүддесіне нұқсан келтіреді. Қытай қажетті шараларды қабылдап, қытайлық кәсіпорындардың заңды құқықтары мен мүдделерін берік қорғайтын болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото