Археологтар Нинсядан Чжаньгуо дәуіріндегі «ежелгі шарапты» тапты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 30 шілде

30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Археологиялық топ Нинсяның Гуюань қаласындағы Шаньцзяпу Чжаньгуо кезеңіндегі Цинь халқы зиратынан маңызды жаңалық ашты. Олар шамамен бүгіннен 2300 жыл бұрынғы Чжаньгуо кезеңіндегі Циньгуо астықтан жасалған арақ ішімдіктерінің қалдықтарын анықтап, қолданылған нақты материалдары мен қайнату әдістерін ашты.

Шаньцзяпу зираты Цинь Ұлы Қытай қорғанының жанында орналасқан. Осы арадан 2024 жылы археологтар Чжаньгуо кезіндегі 183 қабірді тапқан болатын. Археологтар Цинь стиліндегі сарымсақ басы тәрізді қола ыдыстан 3740 мл ежелгі сұйықтық тапты. Қола ыдыс мата төсемімен, балшық тығыздағышымен екі қабат етіп бекітілген. Бұл булануды тиімді түрде азайтып, ластанудың алдын алды.

Нинся мәдени жәдігерлері және археология институты Солтүстік-Батыс университетімен бірлесіп, әртүрлі дәлдіктегі құралдарды пайдаланып, көп салалы сынақтар жүргізді. Зерттеу сұйықтықтың дәнді дақылдардан ашытылған арақ екенін растады. Үлгілердегі бидай мен арпа крахмалдарының қалдықтары Чжаньгуо кезеңіндегі Цинь халқының дәндерден арақ ашыту техникасын меңгеріп, оны қайнату технологиясын жеттік меңгергенін көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото