- Барлық ақпарат
Қытайдың интернет әдебиеті мен кино туындылары, интернет ойындары әлемдік аудиторияның назарын аударуда
30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың интернет әдебиеті, кино туындылары мен интернет ойындары күннен күнге әлемдік аудиторияның назарын аударып келеді.

Қытай Жазушылар Одағы 30 шілдеде жариялаған «2025 жылғы Қытай интернеттік әдебиетінің көкжиегі» атты баяндамаға сәйкес, 2025 жылдың соңына қарай Қытайдың желілік әдебиеті шетелге 130 мыңнан астам туындыны шығарған; қазіргі уақытта шетелде тіркелген пайдаланушылар саны шамамен 250 миллион адамды құрайды. Шетелдегі белсенді пайдаланушылар әлемнің 200-ден астам елі мен аймағын қамтиды. Шетелдегі желілік әдебиет және оған байланысты микро-қысқа сериалдар платформасын күнделікті белсенді пайдаланушылардың жалпы саны 60 миллионға жетіп, шетелдегі табысы 80 миллиард юаньнан (интернеттік әдебиет платформаларының микро-қысқа сериалдар бизнесін қоса алғанда) асты.
Қытай Халық Университеті Мәдени индустриялар ғылыми-зерттеу институтының атқарушы директоры Цзэн Фаньвэньнің айтуынша, бұрын бұл үш саланың әрқайсысы дербес дамыса, қазір олар әбден жетілген үйлесімді үлгіге айналды: желілік әдебиет – түпнұсқа IP көзі саналса, желілік қысқа сериалдар – нарықтық қызығушылықты жылдам бақылай алады, ал желілік ойындар – иммерсивті тәжірибе арқылы мәдени құндылықты терең ашады.

«Өмір қуанышы» (Радость жизни) және «Құпиялар әміршісі» (Властелин Тайн) сияқты туындылар тек Британ кітапханасына қабылданып қана қоймай, 2024 жылы олардың бейімделген сериалы «Өмір қуанышы 2» 14 тілге аударылып, Disney+ және басқа да бірнеше шетелдік платформаларда бір мезгілде көрсетілді.
Айта кетерлігі, Қытай желілік әдебиетінің нарративтік үлгісі әлемдегі жас буын үшін «шығармашылық тілге» айналды. Шетелдік желілік әдебиет платформаларында 530 мыңнан астам шетелдік автор Қытай желілік әдебиетінің үлгілерін пайдаланып, жергілікті тақырыпта әңгімелерін жазуда.
Желілік микро-қысқа сериалдар жылдам танымал болудың негізгі күшіне айналуда. 2025 жылы шетелдегі микро-қысқа сериалдар индустриясының көлемі 4 миллиард АҚШ долларына жетті, Ал 2026 жылы 5 миллиард доллардан асады деп күтілуде.

Ойындар IP ықпалын кеңейтуді жалғастыруда. «Қара миф: Укун» сияқты танымал туындылар талғампаз графикасы мен интерактивті ойын тәсілдері арқылы Қытай тарихын, ушу дәстүрін насихаттауда.
Сонымен бірге, AI сияқты озық технологиялар мәдени таралу үдерісін жеделдетуде. Мысалы, қытайлық кино-теледидар кәсіпорындары AI технологиясын пайдаланып, сериалдарды аудару тиімділігін 50 пайызға арттырып, шығынды 60 пайызға төмендетті. Бұл «Тайпин жылы» сияқты тарихи драманың 37 елді бір мезгілде қамтуына мүмкіндік берді.

Сарапшылардың айтуынша, Қытайдың цифрлық мәдениеті қарапайым «өнім экспортынан» «экожүйелік ортақ құрылымға» көтерілді. Желілік әдебиет, қысқа сериалдар мен ойындардың өзара үндестігі қытайлық әңгімелердің жаһандық танымал мәдениетке енуіне мүмкіндік беріп отыр.
people.cn © People's Daily Online



