Хайкоу Мэйлань халықаралық әуежайынан 2026 жылы 1 миллионнан астам жолаушы елге кіріп, шыққан

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 30 шілде

30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылдың басынан бері Хайнань өлкесіндегі Хайкоу қаласы Мэйлань халықаралық әуежайына келетін және шығатын жолаушылар саны күрт өсті. 28 шілдедегі жағдай бойынша Мэйлань шекаралық бақылау бекеті 1 миллионнан астам елге кіріп-шыққан жолаушыларды өткізген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18,7%-ға өсіп, сол кезең үшін жаңа рекорд орнатты. Әуежай арқылы өткен шетелдік саяхатшылар саны 339 000-нан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,7%-ға көп. Оның ішіндегі 144 000 визасыз саясат бойынша кірген шетелдік қонақтар жалпы сырттан келген туристердің 86,6%-ын құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото