- Барлық ақпарат
Қытай Коммунистік Партиясы ХХ Орталық комитетінің бесінші пленарлық отырысы қазан айында Бейжіңде ашылады
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 31 шілде

31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросы 30 шілдеде отырыс өткізіп, Қытай Коммунистік Партиясы ХХ Орталық комитетінің бесінші пленарлық отырысын биыл қазан айында Бейжіңде ашу туралы шешім қабылдады.
Пленарлық отырыстың негізгі күн тәртібіне ҚКП Орталық комитеті Саяси бюросының Орталық комитетке өз жұмысы туралы есеп беруі және партияны жаппай қатаң басқаруды тұрақты түрде ілгерілетуге қатысты негізгі мәселелерді талқылауы кіреді.
Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин отырысқа төрағалық етті. Жиында ағымдағы экономикалық жағдай талданып, жылдың екінші жартысындағы экономикалық жұмыстарға дайындық жасалды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



