- Барлық ақпарат
Қытай Халық Банкі төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасымен кездесті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 31 шілде

31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылы 30 шілдеде Қытай Халық Банкі төрағасы Пан Гуншэн Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасы Т.Сүлейменовпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы М.Әбілқасымовамен кездесті. Тараптар жаһандық экономикалық-қаржылық ахуал мен Қытай-Қазақстан екіжақты қаржылық ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесуге Қытай Халық Банкі төрағасының орынбасары Сюань Чаннэн қатысты.
Кездесу алдында Пан Гуншэн мен Т.Сүлейменов екіжақты валютаны өзара айырбастау туралы келісімді ұзарту туралы құжат алмасу рәсімін өткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



